Қырғыз-қазақ шекарасында көлік жарылып кетті

1909
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Қырғызстан мен Қазақстан шекарасында көлік жарылып кетті. Бұл туралы 24.kg  сайты жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әлеуметтік желіде оқиғаның  видеосы  тарады. 

Ақпаратқа сұйенсек,  "Ақ-Тілек" өткізу бекетінің маңында тұрған Lexus LX 470 көлігі белгісіз себептермен өртеніп кетті.

Өрт туралы  сағат 15:37-де хабарланған. Сағат 15:55-те өрт оқшауланып, 16:34-те толығымен сөндірілді, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.

Жарылыс салдарынан Lexus LX 470 көлігі мен үш ағаш өртенді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің шығу себебі анықталуда.

Пікірлер