Тиісті органдар апат ауқымы бойынша қате болжам жасады - Тоқаев

1687
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысындағы өрт байланысты бастапқыда қате болжам жасалғанын айтты. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Тоқаев жауапты тұлғалар жағдайға салғырт қарағанын айтты.

"Министрлік және басқа да тиісті органдар апаттың ауқымы бойынша қате болжам жасаған. Шұғыл шаралар қабылдап, өртті сол жерде өшіруі, кем дегенде оқшаулауы керек еді. Оны істемеген. Жағдайға салғырт қарады, біліктілік танытпады. Барлығы жазаланады," – деді Мемлекет басшысы.

Пікірлер