«Қуатжылуорталық-3» заң талаптарын өрескел бұзған

1359
Adyrna.kz Telegram

«Қуатжылуорталық-3» мемлекеттік кәсіпорнына қатысты бірлескен тексеру жүргізіліп, бірнеше өрескел қателіктер анықталды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Аталмыш кәсіпорынға Шымкент қаласының прокуратурасы мен ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті тексеріс жүргізген.

Нәтижесінде 251 тұтынушыға қолжетімділікті қамтамасыз ету кезінде «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптары өрескел бұзылғаны анықталды.
«Қуатжылуорталық-3» МКҚК 171 тұтынушыға стандартты нысанға сәйкес келмейтін техникалық шарттарды берген. Сонымен қатар, 80 тұтынушыға техникалық шарттарды беру және бас тарту туралы өтініштерді қарау мерзімін бұзғаны белгілі болды.

Өрескел қателіктері үшін «Қуатжылуорталық-3» МКҚК ӘҚБтК-нің 164-бабының 4-бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 млн 700 мың теңге әкімшілік айыппұл арқалады.

Пікірлер