Ресейсіз мұнай экспорты. Қазақстан мұнайын тасымалдау мәселесі Лондонда талқыланды

2104
Adyrna.kz Telegram

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев Лондонда Ұлыбританияның Сыртқы істер және халықаралық даму министрлігі, Санкциялар жөніндегі басқармасының директоры Дэвид Ридпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Кездесу барысында Каспий құбыр консорциумы мұнай құбыры арқылы Қазақстанның энергия көздерін Еуропаға жеткізу мәселесі талқыланды.

ҚМГ басшысы Ұлыбританияның сыртқы саяси мекемесіне ынтымақтастығы мен  тұрақты кеңесі үшін алғыс білдірді.

«Әлемдегі геосаяси ахуал күрделенген кезде санкцияға байланысты тәуекелдер Қазақстан мұнайын, әсіресе КҚК құбыры арқылы үздіксіз жеткізуге «кедергі болмауы» аса маңызды. Бұл екі тарапқа да ортақ мүдде болғандықтан, осы секілді кездесуді сындарлы түрде өткізуіміз де маңызды», – деп атап өтті М.Мырзағалиев.

ҚМГ Басқарма төрағасы ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстан Елшілігінің ұлыбританиялық серіктестермен тұрақты байланыс ұстаудағы ерекше рөлін атап өтті.

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер