Семейдегі өрт кезінде шығыстағы Даниал Ахметов қызметінен босатылды

3372
Adyrna.kz Telegram

ШҚО әкімі Даниал Ахметов қызметінен босатылды. Бұл туралы Ақорда жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Даниал Кенжетайұлы Ахметов Шығыс Қазақстан облысының әкімі лауазымынан босатылды»,—делінген хабарламада.

Айта кетейік, 15 маусымда Ахметов 69 жасқа толды. Ол облысты 9 жыл бойы басқарған болатын.

2017 жылы әкімнің ресми түрде зейнетке кетуі мүмкін екені айтылды. Алайда оның өкілеттігі 2022 жылға дейін созылған еді. Өткен жылдың 11 маусымында Мемлекет басшысы Ахметовтің өкілеттігін тағы бір жылға ұзартты. Шешім әкімнің «көп жылдық жұмыс тәжірибесімен»түсіндірілді.

Даниал Ахметов бұған дейін Павлодар облысының әкімі, ҚР Премьер-Министрі, ҚР Қорғаныс министрі қызметтерін атқарды. Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі болды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер