Басков пен Лепс әр жойылған Leopard танктері үшін 1 миллион рубльден беруге дайын

1989
Adyrna.kz Telegram

Ресейлік әншілер Григорий Лепс пен Николай Басков Украинаға Батыс елдері жағынан берілген танктерді жойған кез келген адамға 1 миллион рубльден төлеуге уәде берді. Бұл туралы олар Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Алғы шептегі жауынгерлеріміздің арқасында кездесіп, пікірлесіп, мақсат-міндеттерімізді белгілейтін осындай форумдарды өткізуге мүмкіндік алдық.
Leopard немесе Leopard-2 танктерінің көзін жойғандарға 1 миллион рубльден береміз. Біз Грегоримен бірге жеке үлес қосқан алғашқы адамдардың біріміз»,— деді Басков.

Өнер адамдары бұған дейін Ресей билігінің саясатын қолдайтындарын бірнеше рет айтқан еді.

Пікірлер