Үлкен Алматы айналма автожолы ашылды

1769
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандағы ірі жол-көлік инфрақұрылымдарының бірі
Үлкен Алматы айналма автожолы ашылды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Аталған айналма автожолы еліміздің тарихындағы алғашқы концессиялық жоба саналады. Оның құрылысы 3 жыл бұрын түрік-кореялық консорциумының негізінде қолға алынып, жоспарға сәйкес 2024 жылы қолданысқа берілуі керек еді. Десе де қарқынды жұмыстардың нәтижесінде бұл нысан мерзімінен бұрын тапсырылып отыр»,—деп жазды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Айналма жол 1-а техникалық санаты бойынша салынды. Аталған жобаны қаржыландыруға Еуразиялық даму банкі де қатысты.

Пікірлер