«Қош бол, әкетай!». Димаш Құдайберген атасы жайлы ерекше жазба жариялады

3155
Adyrna.kz Telegram
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash
Фото: instagram.com/kudaibergenov.dimash

Әлемге есімі әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасына бақилық болған атасына арнап әсерлі жазба қалдырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Рахмет, папа! Маған берген қанаттарың үшін, маған көкке қалай көтеріліп, көкжиегімді кеңейтуді үйреткенің үшін, 100 мектеп бере алмайтын рухани тәлімің үшін! Саған деген алғысымды сөзбен жеткізе алмаспын.  Айтқандарымнан айтып, үлгермегендерім көп. Қош бол, әкетай! Мәңгі жүректесің! Жаның жұмақтан орын тапсын. Сенің кенжетайың.

Барлық көңіл айтып жатқан ағайындарға, Алла разы болсын! Отбасыларыңызда қайғы-мұң болмасын, – деп жазды әнші.

Еске салайық, 13 маусымда танымал әнші Димаш Құдайбергеннің атасы Құдайберген Айтбаев 82 жасына қараған шағында дүниеден өткен еді.

Пікірлер