Титаник тылсымы. Атлант мұхитында Титаник кемесінің ізіне түскен тағы бір сүңгуір қайық жоғалды

2403
Adyrna.kz Telegram

Атлант мұхитында Титаник кемесінен қалған үйінділер мен қалдықтарды көруді, зерттеу мен тамашалауды мақсат еткен  сүңгуір қайық жоғалып кетті. Мұхит тереңіне тартқан қайықта туристер де болған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Атлант мұхитында бес адамы бар сүңгуір қайық жоғалып кетті. Олар Титаниктен қалған үйінділерді қызықтау үшін теңіз астында сапарға шыққан, деп жазады The Guardian Бостондағы АҚШ Жағалау күзеті қызметіне сілтеме жасап.

Басылым жазғандай, сүңгуір қайықта Ұлыбритания мен Францияның танымал ғалымдары мен зерттеушілері болған. Қазір ұшақтармен және су асты жабдықтарымен іздеу-құтқару операциясы жүріп жатыр.

Жағалау күзетінің жетекшісі бұған қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, сүңгуір қайықта қандай да ақау байқалып, жолаушылар қиындыққа тап болса,  қайық өздігінен су бетіне қалқып шығатын механизмге ие.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер