Шымкентте жоғалған 4 жасар бала табылды

3103
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте жоғалған 4 жасар бала табылды. Бұл туралы polisia.kz жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бүгін таңертең сағат 9.20 шамасында 102 телефон номеріне жергілікті азамат хабарласып, Қаратөбе тас жолында іздеу жарияланған хабарламадағы ұлдарға ұқсайтын екі  баланы кездестіргенін айтты. Балалар аудандық полиция бөліміне жеткізілді. Балдырған ата-анасына аман-есен тапсырылды.

Ал екінші бала Түркістан облысының Мақтаарал ауданында хабар-ошарсыз кеткендер қатарында екені анықталды, делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бүгін Шымкентте 4 жасар баланың жоғалғанын жариялаған едік.

Пікірлер