АҚШ Ресей мәселесін Ресейсіз талқылады

2509
Adyrna.kz Telegram

Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен Ресейдегі жағдайды Польшаның сыртқы істер министрі Збигнев Раумен бірге талқылады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Баспасөз қызметі хабарлағандай, Блинкен Польшаның Украинаға және оның халқына тұрақты көмегін құптап, АҚШ-тың Украинаға қолдау көрсету үрдісі де өзгеріссіз қалатынын атап өтті.

https://twitter.com/SecBlinken/status/1672748068150861824?ref_src=twsrc%5Etfw%7Ctwcamp%5Etweetembed%7Ctwterm%5E1672748068150861824%7Ctwgr%5E3e06ed23bb51aae9ee2b08202e40cf551336e094%7Ctwcon%5Es1_&ref_url=https%3A%2F%2Fwww.golosameriki.com%2Fa%2Fblinken-poland-russia%2F7151646.html

Сонымен қатар, мемлекеттік хатшы өз сөзінде Америка Құрама Штаттарының жағдай шиеленісе түскен сайын қолдау көрсетіп,  оақтастары және серіктестермен байланысты нығайта түсетінін хабарлады.

Бұған дейін Блинкен Ресейдегі жағдайды "Үлкен жетілік" елдерінің Сыртқы істер министрлерімен, атап айтқанда, Канада, Франция, Германия, Италия Жапония және Ұлыбритания саясаткерлерімен, сондай-ақ ЕО-ның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррелмен талқылағаны туралы хабарланған болатын.

Кейіннен Ресейдің оңтүстігінен бүлік жасамаққа бекінген әскери жасақтар кетіп, техникаларын шығара бастағаны белгілі болды.

24 маусым, сенбіде, Ақ үйдің баспасөз қызметі ақпарат таратты. Ақпаратта таң бозымен президент Джо Байден және вице-президент Камала Харрис Ресейдегі соңғы оқиғаларға назар салып, Ұлттық қауіпсіздік кеңесшілері тарапынан құлағдар болғаны айтылды.

Президент Байден сенбі күні таңертең Ресейдегі жағдайды Франция президенті Эммануэль Макронмен, Германия канцлері Олаф Шольцпен және Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунакпен телефон арқылы талқылады. Телефон арқылы тілдескен басшылардың Украинаға қолдауына таныта түсетіні, әрі бұл қадамдар орнықты түрде жалғаса беретіні айтылады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер