АСЫЛХАН МАМАШҰЛЫ: Бүлікті Пригожин шығарады - орнына айдаладағы қазақ қамалады.

1637
Adyrna.kz Telegram
Фото: pravda.com.ua
Фото: pravda.com.ua
Бүлікті Пригожин шығарады - орнына айдаладағы қазақ қамалады.
Алматыда екі жігіт маусымның жиырма бесіне "митингі өткіземіз" деп әлеужеліге жазған ғой. Біраздан соң қайта ойланып, "жоқ, кейінге қалдырдық" деп тағы жазған.
Жазасың, өшіріп тастайсың, онда тұрған не бар?
Бірақ соның бәрін қырағы полициямыз аңдып отырыпты.
Сонан кеше полиция әлгі екі жігіттің қолын қайырып әкетіп, әй-шай жоқ 15 тәулікке қамап тастапты.
- Ау, не жазығымыз бар? Митингісі құрысын,-дедік қой демей ме екеуі детектеп бара жатып.
- Мәскеуде бүлік боп жатыр, сондықтан қауіпсіздікті күшейттік,- депті полицейлер.
Бүлік күні жазғандарыңыздың бәрін өшіріңіздер...
Пікірлер