«ҚазТрансГаз Аймаққа» жарты млрд теңге айыппұл салынды

2575
Adyrna.kz Telegram

«ҚазТрансГаз Аймақ» акционерлік қоғамына жарты млрд теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Алматы қаласының прокуратурасы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Алматы өндірістік филиалының қызметіне жүргізілген тексеру барысында үстем және монополиялық жағдайды теріс пайдалану фактілері анықталды. Мысалы, монополисттердің шарты бойынша кәсіпкерлер газдың пайдаланылмаған көлемі үшін газ құнының 10 пайызын заңсыз төлем келген.
Үстем және монополиялық жағдайын теріс пайдаланғаны үшін «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ филиалы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 159-бабы 3-1-бөлігі бойынша жауапқа тартылып, 497,1 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды»,—делінген хабарламада.

Прокуратураның айтуынша,
2022 жылы табиғи монополия субъектісі, көрсететін қызметтер көлемінің өсуіне қарамастан, компания 2023 жылға арналған тарифті төмендетпеген.

«Осыған байланысты Табиғи монополияларды реттеу департаментінің қадағалау актісімен биыл 1 сәуірден бастап тауарлық газды тасымалдау тарифін 6%, 1000 м3 үшін 4 099,25 теңгеден 1000 м3 3 848,03 теңгеге дейін төмендету туралы бұйрық шығарылды»,—деп толықтырды басқарма.

Пікірлер