Айсұлтан Сейітов Қазақстан жайлы керемет видео түсірді

2735
Adyrna.kz Telegram

Айсұлтан Сейітов #Followmeto  жобасының авторларымен бірге Қазақстан жайлы ең әдемі видео түсірді

Айсұлтан Сейітов танымал #Followmeto жобасының авторлары Мұрат және Наталья Османнмен бірге Қазақстан туралы видео түсірді. Видеода еліміздің ең әдемі, көрікті жерлері көрсетілген.

#Followmeto жобасының авторлары Youtube сайтындағы арнада Қазақстанның сұлулығына, видеоға қатысты ойларымен бөліскен.

"Қазақстан, бұл видео сен жайында. Не сезіндік, не көрсеткіміз келді — барлығы өте әдемі ел жайлы видеода. Қазақстанда біз керемет адамдарды кездестірдік. Мен олар осы видеоны бағалап, оны бүкіл әлем көруі үшін басқалармен бөліседі деп үміттенемін. Мың сөздің орнына осы видео", — деп жазған.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстаннан шыққан жас, дарынды режиссер Айсұлтан Сейітов өзінің шеберлігімен әлемдік деңгейдегі жұлдыздарды таңғалдырып, Голливудты бағындырған отандастарымыздың бірі. Оның қысқаметражды "Шакал" атты фильмі  Hollywood Boulevard Film Festival кинофестивалінде бас жүлдені иеленген.

Сейітов режиссурадағы алғашқы жолын Ғалымжан Молданазар, Ninety One сынды танымал қазақстандық әншілер мен топтарға бейнебаян түсіруден бастаған. Жақында ол Offset, 21 Savage сынды әлемдік деңгейдегі реп жұлдыздарымен тығыз жұмыс жасап, оларға бейнебаян түсіріп берді.

Пікірлер