Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қоғамдағы рөлі шектелген бе?

1254
Adyrna.kz Telegram

Демократиялық мемлекетте әрбір тұрғын мемлекет тарапынан көрсетілер қызметтерге кедергісіз қол жеткізуі, өмір сүру деңгейі жақсы болуы тиіс. Елдің әр тұрғыны денсаулығына, тұрмыстық жағдайы мен біліміне, атқаратын жұмысына қарамастан, бәрі мемлекет байлығы болып саналады. Бүгінде біздің қоғамда қарапайым, 12 мүшесі сау азаматтардан бөлек, мүмкіндігі шектеулі адамдар тобының да барын естеу шығармау керек. Олардың мүмкіндігі шектеулі болғанымен, құқықтары ше?  

Инклюзия, ерекше адамдар – қоғамның толғанар өткір мәселелерінің біріне айналған. Ашық және тең қоғамда өмір сүреміз десек те, арбаға таңылған не денсаулығы белгілі бір себептерге сай нашар не өзге топ өкілдерін көргенде өн-бойдвң шымырлап, жанашырлық пен басқа сезімнің болатыны жасырын емес. Осы тұста ерекше жандардың қоғамда бірігіп, өз ортасын табуға мүмкіндік беретін заңнамалар қабылданып жатыр. Алайда оны қалың бұқара біледі ме? 

Соңғы жылдарда жүргізілген санаққа сәйкес, 705 мыңнан астам ерекше азаматтар бар екен. Алайда, соның ішінде 430 мыңға жуығы еңбекке қабілетті болса да, тек 100 мыңнан астамы жұмыспен қамтылған. Себебі жұмыс берушілердің не қоғамдағы ыңсайсыз көзқарастың салдарынан екі қолға бір күрек таба алмай, шығармашылығын төрт қабырғада шектегендер бар. Демек, қалған мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығы да, қабілеті де шектеулі екені ащы шындық. Сондықтан да, мүмкіндігі шектеулі адамдардың құқықтарын қолдауды, қоғамдағы инклюзияны ақпараттық сүйемелдеу және оны түсіндіру маңызды.  

Арбаға таңылған не қандай да бір ерекшелігі бар азаматтардың басым бөлігі аяушылық пен кемсітушілік көзқарастарына жиі ұшырайтынын алға тартты. Олар: «Біз дәрменсіз емеспіз» дейді. Әрбір мүмкіндігі шектеулі қазақстандық биліктен нені талап етіп, өтініш білдіре алатынын білуі тиіс.  

 

Мүмкіндігі шектеулі жандардың жүруі мен өмір сүруі үшін қолайлы жағдайлар жасалған.  Мемлекеттен бөлінер қаржы да игеріліп жатыр. Оның дәлелі ретінде өңірлердегі түрлі инватакси, арнайы мамандардың қызметтерін айтуға болады. Мұндай азаматтарды жұмыспен қамту да күн тәртібіндегі өзекті мәселенің бірі.  Десек те, дамыған және дамушы тараптағы елдердің басым көпшілігінде еңбекке жарамды мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыс істеп, екі қолға бір күрек табады. Әрине, мұндай игі шешім әрбір мемлекет пен мүгедектер үшін, қарапайым, қоғам үшін де тиімді екені анық. Республикада да бұл мәселеге кеш те болса баса назар аударылуы тиіс. Ерекшелігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру мәселесінде кез келген жерде қиындықтардың кездесетіні тайға таңба басқандай анық дүние. Бір белгілісі, жұмыс берушілердің басым көпшілігі дерлік мүмкіндігі шектеулілерді қызметке қабылдап, нәпақасын төлеуге құштар болып тұрған жоқ. Сол себепті де, мемлекет пен адам үшін ортақ шешімді келісім жасау қиын юолып келеді.  

Айтылуы тиіс екінші мәселе – мүмкіндігі шектеулі жандардың бірі оқыған, білімін жетілдірген азамат болса, ендігі бірінде жоғары білімі бар екендігін дәлелдейтін қағазы, ешқандай дипломды мамандығы жоқ. Осы сәтте, мұндай жандар өзі қалаған, арманындағы қызметке орналасып, жеткілікті жалақы алудан қағылып қалады. Міне, осы түйткілдер қоғамның ерекше жандарын еңбекке тартуда бірқатар кедергілер мен қиындықтар туғызып отырады.  

Осы сынды бірқатар сауалдар бізде шешімін тауып келе жатса да, өзекті мәселені ауыздықтайтын сәт келді. Қазақстан - кез келген азаматтың еркін өмір сүретін мемлекетіне айналуы тиіс.

Пікірлер