Радиоизотопты преппараттар арқылы емделуге болатынын білесіз бе? – ядролық медицина маманымен сұхбат

5441
Adyrna.kz Telegram

Елімізде қарқынды өрбу алған ядролық медицина саласы қазір қандай жұмыстар жүргізуде? Адам денсаулығындағы кінараттарды зерттеуге едәуір көмегін беретін бұл саланың қандай біз білмейтін тұстары бар.? Бұл сауалдарымызға ҚР ПІБ МО ауруханасы, ядролық медицина орталығының радиоизотопты диагностика дәрігері Жайымбаев Мақсат Еркінұлы жауап берді.

- Ядролық медицина арқылы емделудің артықшылықтары неде? Процесс қалай жүзеге асады?

- Ядролық медицина дегеніміз – ауруларды және диагностиканы емдеу үшін радиофармацевтикалық преппараттарды қолданатын медицинаның бөлімі. Ядролық медицина орталығында радиофармацевтикалық преппараттарды қолдану арқылы қазір тек диагностика жүргізіледі. Қымбат, қауіпті диагностикалық зерттеулерден гөрі ақпарат жинаудың қауіпсіз ауыртпалықсыз үнемді әдісі – радиоизотопты диагностика болып табылады. Бұл адам ағзасындағы мүшелер мен тіндердегі, олардың құрылымындағы және қызметіндегі ауытқуларды анықтауға өте сезімтал әдіс болып келеді.

Пациенттерге денсаулығының күтімін жасаудың бірегей бөлігі ретінде ядролық медицина әртүрлі ауруларды диагностикалау, оларды емдеу және алдын алу үшін қолданылады. Ал біздің орталықта диагностикалау үшін және басқа әдістермен жасалған емді бақылау үшін қолданылады. Ядролық медицинада қолданылатын әдістердің тағы бір артықшылығы организмде болып жатқан ауытқуларды өте ерте кезеңдерінде басқа әдістер арқылы анықтай алмайтын дүниелерді білуге мүмкіндік береді. Ал ерте анықтау – ауруды ерте сатысында емдеуге мүмкіндік береді. Ерте емдеген уақытта болжам жақсырақ болады.

Ядролық медицина орталығында диагностикалық және циклатронды өндірістік блок бар. Циклатронды өндірістік блокта преппараттар дайындалып шығарылады, ал диагностикалық аймақта сол препараттарды қолдану арқылы зерттеулер жүргізіледі. Пациентке біз тамырынан радиоизотопты преппаратты енгізіп, оның ағзада қалай таралатынын қарап, түрлі ісіктерге сол препараттың қалай жинақталатынын бейнелеу арқылы диагностикалық процессті жүзеге асырамыз.

- Осы технологияны қолдана отырып, қатерлі ісіктің қандай түрлерін анықтауға болады?

- Радиопреппараттардың ішінде 2008 жылдан бастап ең көп таралғаны – фтордезоксиглюкоза. Ол 80%-ға дейін барлық қатерлі ісіктерді анықтауға мүмкіндік береді. Аты айтып отырғандай ол қант секілді түзіліс. Ағзада қатерлі клеткалар бар болса, ол қалыпты жасушаларға қарағанда көбірек энергияны қажет етеді.

Қатерлі ісіктің бірнеше түрі бар. Мәселен фтордезоксиглюкоза арқылы жүректе болып жатқан түрлі поцесстерді анықтау қиын. Соған байланысты бізде екінші преппарат ойлап табылды. Ол натрий фторид деп аталады. Ол арқылы біз сүйектерде болып жатқан процесстерді көреміз. Сүйек ісіктерін және сүйектің қатерлі ісіктерін анықтай аламыз. Үшінші преппарат жақында ойлап табылды. Ол көміртек- метионин. Көміртек- метионин преппараты арқылы бас миындағы метостазаларды анықтап зерттей аламыз.

- Ядролық медицина саласында жұмыс істеу, мамандардың денсаулығына қауіпті емес пе?

- Радиоизотопты преппараттармен жұмыс істейтін болғандықтан біз қатаң радиациялық қауіпсіздік ережелеріне бағынамыз. Әр жұмыс істейтін маманда жеке дозиметрлері болады. Сол арқылы біздің алған дозалық көрсеткіштеріміз бақылауда болады. Жалпы қауіпсіздік шараларын сақтау арқылы, мамандардың денсаулығына қауіп төнбейді.

- Орталықта қанша маман жұмыс істейді?

- Орталықта 150-ге жуық мамандар жұмыс істейді. Олардың құрамы тек дәрігерлерден тұрмайды. Оның ішінде техникалық физиктер, радиохимик технологтар, биологтар да бар. Преппараттардың синтезделіп жасалуына жауап беретін радиофармацевттер, лаборанттар, ядролық физиктер сияқты көптеген мамандар, сондай-ақ орта және кіші медицина қызметкерлері бар. Мамандардың көпшілі жақын және алыс шетелдерінде білім алған білікті кадрлар.

- Сіздердің орталықтарыңызда қандай құрылғылар бар? Олардың қызметтері қандай?

- Диагностикалық блокта екі бірфотонды компьютерлік тамографтық аппарат және екі позитронды компьютерлік тамографтық аппарат бар. Бұл құрылғылар зерттеу жасалынатын пациентке қолданылады.

- Қазақстандағы ядролық медицинаның дамуын қалай елестетесіз?

- Қазақстанда біздің орталық ашылғанға дейін бір ғана радиоизотопты преппараттар қолданысқа шығарылып отырған болатын. Біздің циклотронды өндірістік комплекстің іске қосылуна қарай жоғарыда айтқандай үш радиоозотопты преппараттар жасалып шығарылып отыр. 2026 жылға дейін 9 преппарат ойлап шығару жоспарда бар. Бұл орталық ашылмай тұрып жоспар бекітілген болатын. Сол жоспар бойынша қазіргі таңда жұмыс істеп келеміз. Бұл дегеніміз мультимодальды түрде пациенттерді зерттеуге, организмдегі барлық патологияны анықтауға таптырмас мүмкіндік.

 

Сұхбаттасқан: Дина ЛИТПИН

Пікірлер