Тарифтер, тағы да нелер? 1 шілдеден енетін өзгерістер

1646
Adyrna.kz Telegram

Бүгіннен бастап елімізде бірқатар өзгерістер орын алмақ, деп хабарлайды “Адырна”.

Өткен айда болған төтенше жағдайда Отан үшін отқа түсіп, антына адал болған орманшылардың еңбекақысы 1 шілдеден бастап өседі. Олардың материалдық-техникалық базасын 2027 жылға қарай 100 пайызға дейін жаңарту көзделуде. 

1 шілдеден бастап елімізде электр энергиясының тарифтері өседі. Энергетика министрлігі бұл қымбаттау алдағы күзгі-қысқы дайындыққа байланысты болмақ.
Министрліктің алдын ала дайындаған құжаттамасына сәйкес, отынның құрамдас бөлігі 17% деңгейіне дейін қамбаттауы мүмкін. Кейбір өңірлерде 10%-30% аралығындағы баға өзгеруі күтілуде.

1 шілдеден бастап Алматылық тұрғындардың қалтасы да жұқарады. Себебі өңірдегі жылу бағасы 20%  көтеріледі. Халықты жылумен жабдықтау құнының өсуі 20% – 5 839,23 теңгеден 7 007,08 теңгеге дейін/Гкал, бизнес үшін 30% – 12 870,44 теңгеден 16 731,57 теңгеге дейін/Гкал құрады.

2023 жылғы 1 шілдеден бастап "Алтын алқа", "Батыр ана", I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградтталғандардың жәрдемақысы артады. Яғни, 7 және одан да көп баланы өмірге әкелген аналарға арналған жәрдемақы мөлшері 7,4 АЕК-ке дейін арттырылады. 

Сонымен қатар, бүгіннен бастап мемлекеттік жәрдемақылардың 14,5 %-ға өсуі жоспарланған. Бүгінде берілетін жәрдемақылардың мөлшері 1,4 ең төменгі күнкөріс деңгейі немесе 56 794 теңге болады. Әлеуметтік кодекс күшіне енгеннен бастап жәрдемақының мөлшері 1,61%-ға немесе 65 313 теңгеге дейін өспек. Бұл мақсаттарға республикалық бюджеттен қосымша 6,4 миллиард теңге бөлінген.

Темекі мен ішімдік бағасы қымбаттайды. Елімізде бүгіннен бастап темекі мен ішімдік бағасы да қымбаттағалы отыр. Апта басында Қаржы министрлігі осы бұйрыққа қол қойды. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін – 710 теңге; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 770 теңге мөлшерінде ең төменгі бөлшек сауда бағаларын белгілеу ұсынылғанын еске саламыз.

Пікірлер