Агрофорумда бір адам қайтыс болды

1446
Adyrna.kz Telegram

Агрофорумда әкімдік қызметкері қайтыс болды, деп хабарлайды “Адырна” ҚазТАГ редакциясына сілтеме жасай отырып.

Алматы облысының әкімдігі Еңбекшіқазақ ауданында өткен Агрофорумда ер адамның көз жұмғанын мәлімдеді. Марқұм Бәйтерек ауылдық округі әкімі аппаратында бас маман болып жұмыс істеген. Ресми деректерге сүйенсек, үлкен іс-шараға ол күні демалушы ретінде барған.

Оқиға Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы,  Ассы жайлауында болған. Кеше жыл сайынғы дәстүрлі «Агробизнес форум Ассы-2023» форумы өткен. Марқұмның отбасына барлық материалдық көмек көрсетілетіні белгілі болды:

«Мереке аяқталғаннан кейін ер адам өзін нашар сезінді. Биік тау үстіртінде кезекші жедел жәрдем дәрігерлері оған шұғыл медициналық көмек көрсетілді, бірақ барлық әрекеттер нәтижесіз болды, ер адам есін жимай қайтыс болды», - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Пікірлер