Ұлттық экономика министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды

1367
Adyrna.kz Telegram

Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы қызметіне Олжас Сыздықов тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна”.

Елімізде бірқатар кадрлық ауыс-түйістер орын алып жатыр.  Олжас Сыздықов Ұлттық экономика министрлігі аппаратының басшысы болып тағайындалғаны белгілі болды.

Ол 1987 жылы Целиноградта өмірге келген.
2008 жылдан бастап С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Топырақтану және агрохимия кафедрасының лаборанты, 2010-2012 жылдары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Егіншілікті дамыту және фитосанитариялық қауіпсіздік департаментінің сарапшысы; менеджері болған.

2012-2013 жылдары – ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігі Экономика салаларын дамыту департаменті Өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын және экологияны дамыту басқармасының сарапшысы, 2013-2014 жылдары – осы саланың басшысы, 2014-2019 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаменті басқармасының басшысы, директорының орынбасары.

2019 жылғы қараша айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Экономика салаларын дамыту департаментінің директоры болып қызмет еткен.

 

 

Пікірлер