Табиғат аясындағы тағылымы мол кездесу. “Адырна” ұжымы журналистер күнін атап өтті

1939
Adyrna.kz Telegram

1 шілде күні “Адырна” ұлттық порталының ұжымы журналистер күні мен Ұлттық домбыра күнін табиғат аясында атап өтті.

Таң ата басталған кездесу Іле Алатау Ұлттық паркіндегі Аюсай сарқырамасында өтті.

“Адырна” ұжымы Аюсай сарқырамаларына шығып, сол жердің әсем табиғаты, мөлдір суымен танысып қайтты.

Табиғат төсіндегі ұжымдық демалыс барысында рухани шер тарқатылды. «Қазақтың Джон Ленноны», мәдениеттанушы, журналист Бердалы Оспан қазақ күйлерінің тарихына тоқталып өтіп, қызықты әңгімелерінен шер тарқатып, сауалдар қойды. Ақ дастархан басында құттықтауларға  да кезек беріліп, дипломдар мен сыйлықтар табысталды.

“Адырна” ұлттық порталы ұжымында қажырлы еңбек сіңіріп, қазақ баспасөзін дамытуға қосқан үлесі үшін «Руханият жанашыры» атағымен Бердалы Оспан, «Ақпарат арыстаны» атағымен Серік Жолдасбай, «Шабыт қыраны» атағымен Дастан Қастай, «Қаржы министрі» атағымен Гүлсім Төлегенова, «Даңқты дизайнер» атағымен Бағжан Сапиров, «Техниктер төресі» атағымен Фархад Нәлібаев, «Рейтинг шебері»атағымен Дина Литпин, «Жылнама шебері» атағымен Айжан Сыланова мен Лаура Тұрсынжан, «Ақпараттың ақ мылтығы» атағымен Дана Нұрмұханбет, «Сараптама саңлағы» атағымен Диана Асан, «Видеогер-майдангер» атағымен Арман Құдайберген мен Мақсат Құсайынов марапатталды.

Одан бөлек, спорттық сайыстар өткізілді. Үш топқа бөлінген ұжым ұлттық ойындар ойнады. Сайыста сынға түскендердің барлығына  ұлттық нақышта бейнеленген сыйлықтар табысталды.

Айта кетейік, 5 жыл бұрын тура сол жерде 30 маусым күні “Адырна” ұжымы Ұлттық домбыра күнін атап өткен еді.

Ұлттық ойын түрдерінен, ән мен күйден жарыс ұйымдастырып, “Адырна” алғашқы болып елімізде осы мерекені өткізген болатын.

Пікірлер