Заңсыз сыйақы алғандарды 3 жылға дейін соттау мәселесі қарастырылып жатыр

1338
Adyrna.kz Telegram

 Заңсыз сыйақы алғандарды заң негізінде жауапқа тартып,  жазалау күшейеді. Сыйақыға жаны құмар жандарды сотқа тартып, айыппұл салу мәселесі көтерілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қылмыстық кодекске осындай өзгеріс енгізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Ірi мөлшерде сыйақы алумен байланысты не қорқытып алумен ұштасқан іс-әрекеттер – мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан 3 жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, 3 000 АЕК-ке (10 350 000 теңгеге) дейiн айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады», - делінген Ашық НҚА порталында жарияланған Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясында.

Нақтырақ айтар болсақ, сыйақыға "салынған" жандар заң шеңберінде жазаланып,  ең қатал жаза ретінде 2 жылға сотталады. Аталмыш мерзімде бас бостандығын шектеу немесе 6 млн 900 мың теңге айыппұл салу шаралары қолданылады. Сондай-ақ кінәлі деп танылған адам сот шешімімен 600 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартылады.

Ал заңсыз сыйақы алғандардың жазасы басқаша. Оларды 3 жылға бас бостандығынан айырып, 10 млн теңгеден аса айыппұл салу жазасы қолданылмақ.

Құжат 17 шілдеге дейін көпшілік талқылауда болады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер