Викинг кемелерінің Гобустан петроглифтер кешеніндегі іздері

7916
Adyrna.kz Telegram

Профессор Әділ Ахметовтың «Викингдердің ізімен». (Ғылыми гипотезалық туынды) кітабынан «Байырғы викингдердің мәдени-әлеуметтік ортасындағы генеалогия мен шежіренің алатын орны» деп аталатын бөлігі бұдан алдын оқырман назарына ұсынылған. Осы кітаптан үзінді жариялауды одан әрі жалғастырамыз. Бірге оқиық.

Адам баласы жылқыны қолға үйретпес бұрын алдымен өзен-
көлдерді ескектермен қозғалатын қайықтармен, одан соң желкенді
кемелердің көмегімен теңіздер мен мұхиттарды да қоса
бағындырып алған сыңайлы. Бұлай топшылауға толық негіз бар,
өйткені осыдан сәл алдағы тарауларда мұның нақты дәлелдерін
байырғы скандинавиялық викингтердің қолданған алуан түрлі
қайықтары мен кемелері байқатса, екінші дәлелін енді міне, есте
жоқ ескі замандарда байырғы викингтердің жартастарда
бәдізделген кеме бейнелерінен де көріп отырмыз. Мәселен, дәл осы
мәселеге тікелей қатысы бар Норвегияның жиһангез ғалымы Тур
Хейердалдың Кавказға жасаған төрт сапарының бірінде
Әзербайжан астанасы Бакуден алпыс шақырым жердегі Гобустан
петроглифтерінің арасынан байырғы викинг кемелерінің тасқа
бәдізделген бейнелерін көзі шалып, шектен тыс таңданғанына
сілтеме жасағанбыз. Өйткені әлгі петроглифтерде бейнеленген
кемелер байырғы викингтердің күнбасты кемелерінен ешбір
айнымайтын еді. Міне сондықтан да, біздер төменде Гобустан
жартастарында бәдізделген әлгі кемелердің фото-бейнелерін қоса
беріп отырмыз. Әлгі петроглифтердің арасында викинг дәуіріндегі
жүк таситын кемелермен қатар алыс теңіз сапарларына лайықты әрі
ұзын, әрі сүйір, әрі жүрдек кемелердің де бейнелері кездеседі.
Оларды зерттеп-зерделеген ғалымдар әлгіндей кеме бейнелерінің
мезолит дәуірінде, одан да дәлірек айтқанда, осыдан 15000 жыл

бұрын немесе б.з. бұрынғы оныншы және сегізінші ғасырлар
арасында бәдізделенін анықаған. Тур Хейердал үшін әлгі кемелер
туралы ақпарат таптырмайын олжа болатын. Себебі ол ұсынған
гипотеза бойынша, викингтердің құдайы немесе олардың ең
байырғы қолбасшысы Один о баста Скандинавияға Кавказ бен
Каспий маңайнан аттанған. Төменде келтірілген петроглифтерге
сүйене отырып, Тур Хейердал әлем өркениеті бйырғы Мысыр,
Месопотамия немесе Индия мәдениеттерінен әлдеқайда бұрын жер
бетіне кемелердің көмегімен теңіздер арқылы таралған деген батыл
байламға келген-тін. 1999 жылы Әзербайжанға жасаған үшіші
сапарынан кейін Тур Хейердал Гобустандағы петроглифтерде
бейнеленен кемелер әлемдегі ең байырғы кемелер және адамзаттың
ұлы көші Кавказ маңайынан басталған деген тоқтамға келеді.
Айтса-айтқандай-ақ, кемелердің жартастарда бәдізделген
бейнелері әлемің әртүрлі аймақтарында ұшырасатын бірегей өнер
туындылары болып табылады. Ал Кавказ аймағында ондай
бейнелер тек Гобустанда ғана кездеседі. Оларды жіті зерттеу
барысында ғалымдар Гобустан мәдениетінің мыңдаған ғасырлық
тарихы бар деген түйін жасайды. Сонымен қатар олар
Гобустандағы кемелердің бейнелерін үш топқа бөледі. Бірінші
топқа екіден алтыға дейін адам сыятын ең байырғы қайықтарды,
екінші топқа діни астары бар күнбасты кемелерді, үшінші топқа
ішкі қабырғалары көлденең тақтайлармен жалғасқан кеме үлгілерін
жатқызады. Қалай болғанда да, Гобустан пероглифтері тас
дәуріндегі мәдени эволюцияның бірнеше мың жылдық тарихы бар
екенінен хабар береді. Мәселен, ондағы жер қыртысының ортаңғы
қабатынан табылған үңгірдегі артефактілер б.з. бұрынғы 8 және 7
ғасырларға тән болса, олардың AMS (Accelerator Mass-
Spectrometry), яғни Акселератор Масс-спектрометрия әдісімен
зерттелген анализі олардың жасының 14,500 жылға тең екенін
көрсетеді. Өз кезегінде бұл көрсеткіш Гобустанда бәдізделген
кемеледің жасын б.з. бұрынғы оныншы-сегізіші ғасырлармен
белгілеуге мүмкіндік береді.
Сөзіміз дәлелді болу үшін төменде Гобустан петроглифтер
кешеніндегі жартастардың бетіне бәдізделген викинг кемелерінің
Википедиядан алынған бейнелерін сол қалпында беріп отырмыз.
Олардың арасында викингдердің о баста күнге табынған діни
наным-сенімдерінен мәлімет беретін күнбасты кемелері де, ұзақ

теңіз сапарларында пайдаланған ұзын да сүйір әрі жүрдек кемелері
де, тұрқы қысқа жүк кемелері де ап-айқын көрініс тапқан.

Гобустандағы күнбасты кемелердің бейнелерінен cол замандағы адамдардың Күнге табынған діни наным-сенімдерінің астары анық байқалады.

 

 

(жалғасы бар)

 

Пікірлер