Төреғали Төреәлі тағы екі құқық бұзушылық бойынша кінәлі деп танылды

2112
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі Алматыда тағы екі заң бұзушылыққа кінәлі деп танылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Сот азамат А.-ны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алып, алты ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырды», - деп хабарлайды Алматы сотының баспасөз қызметі.

Төреғали Төреәлі жол белгілерінің қос тұтас сызығы арқылы бұрылыс жасады және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындамады деп айыпталды.

Әртістің бұл фактілерді растап, өкінгені айтылды. Ол ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылды.

Еске салайық, бұған дейін Төреғали Төреәлі есірткіге мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін 20 тәулікке қамауға алынған болатын. Осыдан кейін оған тағы үш күн қамау күндері қосылды.

Пікірлер