Биолог ғалым Келіс Жайлыбай дүниеден озды

2248
Adyrna.kz Telegram

Белгілі ғалым, биология ғылымдарының докторы Келіс Жайлыбай 88 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп жазады "Адырна" тілшісі. Бұл туралы журналист Керімбек Жылбек Facebook парақшасында жазды. 

Келіс Нұрмашұлы (1936 жылы туған) – ғалым, биология ғылымының докторы, профессор.

Арғын тайпасының Тарақты руынан шыққан.

ҚазМУ-ды (ҚазҰУ) бітірген. 1961 – 1969 ж. Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер. 1969 – 1992 ж. Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институтында (Арал өңірі агроэкологиясы және ауыл шаруашылығының ғылыми-зерттеу институты) аға ғылыми қызметкер, лабаратория меңгерушісі. 1992 – 1997 ж. Қызылорда мемлекеттік университетінде доцент, 1998 жылдан «Биология, география және экология» кафедрасында оқытушы болды.

Негізгі ғылыми еңбектері Арал өңіріндегі күріш дақылының фотосинтезі және фотосинтетикалық өнімділігі теориясы мен күріштің жаңа сорттарының морфофизиологиялық әдістемелерін жасауға арналған. Тұзданған жерлерде күріш өсірудің сорттық жаңа жетілдірілген технологиясын тұжырымдап, өндіріске енгізді. Жайлыбай 160 ғылыми еңбектің, оның ішінде 2 монография, 12 кітапша және бірнеше өнертапқыштық ұсыныстардың авторы.

Пікірлер