Дәулетбек Құсайынов жаңа қызметке тағайындалды

1592
Adyrna.kz Telegram

Дәулетбек Құсайынов жаңа қызметке тағайындалды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәулетбек Қайырбекұлы Құсайынов Қазақстан Республикасының Канададағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.

Дәулетбек Құсайынов 1977 жылы 17 мамырда Солтүстік Қазақстан облысында туған.

Білімі: Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті (1998 жылы); Еуразия гуманитарлық институты, экономика және бизнес бакалавры (2010 жылы); Стирлинг университеті, магистратура - дипломатия және қауіпсіздік (2016).
Еңбек өтілі:
1998-1999 жылдары - Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің неміс тілі кафедрасының мұғалімі;
1999-2000 жылдары - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Тұрақты даму ұлттық орталығының консультанты;
2000-2004 жылдары - ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің атташесі, үшінші, екінші хатшысы;
2004-2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшілігінің үшінші хатшысы;
2008-2009 жылдары - ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Сауда келіссөздері департаментінің басқарма басшысы;
2009-01.2014 жылдары - ҚР ПӘ Сыртқы саясат орталығының консультанты, инспекторы, Сектор меңгерушісі;
02.2014 жылы - ҚР ПӘ Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары;
09.2014-03.2017 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлыбритания және Солтүстік Ирландиядағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі;
03.2017-07.2019 жылдары - Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі;
10.2019 жылы бері - ҚР ПӘ Сыртқы саясат және халықаралық байланыстар бөлімінің меңгерушісі.
Меңгерген шет тілдері: ағылшын, неміс және голланд (бастапқы деңгей).
Отбасылық жағдайы: үйленген, 3 баласы бар.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер