Шетелге ұшпақ болған Роза Рымбаева жолда қалды

1897
Adyrna.kz Telegram

Әнші Роза Рымбаева Қазақстаннан шетелге ұшуға тырысқанда қарсылыққа тап болды. Оның шетелге шығуына бұл жолы рұқсат етілмегені хабарланды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Роза Рымбаева әлеуметтік желілерде бұған қатысты:

"Әзірбайжандағы барлық достарымнан мұндай келеңсіз жағдай болғаны үшін кешірім сұраймын. Маған құжаттарымды дұрыстап қарап, тексеру қажет еді", – деп жазды.

Роза Рымбаева мен ұлы Әли Оқапов әлеуметтік желілерде әншінің Қазақстаннан неге ұшып кете алмағанына қатысты жазба бөлісті. Жазбада Роза Рымбаеваның шатасып, өзімен бірге ұлы Мәди Рымбаевтың төлқұжатын алып кеткені айтылады.

Қазақстанның Халық әртісі Бакуде өтетін үйлену тойына баруға қамданған. Әнші Алматыдан Астанаға еш кедергісіз ұшқан, алайда халықаралық бағытта сапарға шықпақ болғанда кедергіге тап болған.  Шекара қызметінің мамандары Рымбаеваның Қазақстаннан ұшып шығуына мүмкіндік берсе де, Әзірбайжан тарапының мұндай қателікті кешірмейтінін айтып, кері қайтарған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер