ДУЛАТ БӘКІШЕВ: АҚШ мемхатшысы "Сыртқы қатынастар Кеңесіне" келіп, түрлі өзекті сұрақтарға жауап берді. Бізде осындай кездесулер болса ғой.

1227
Adyrna.kz Telegram
АҚШ мемхатшысы Э.Блинкен "Сыртқы қатынастар Кеңесіне" қонақ болып келіп, түрлі өзекті сұрақтарға жауап берді.
Бізде осындай кездесулер болса ғой:
- эмоция емес, ақылға негізделген білікті аудитория
- нақты да дәл сұрақ, дәл сондай нақты да дәл жауап алуға мүмкіндік беретіндей...
ТОҚЕТЕРІ:
1. АҚШ пен Қытай арасындағы бәсеке күн санап, артып келеді.
2. АҚШ фирмалары ҚХР - ден кетпеген. АҚШ - тан құйылатын инвестиция көлемі 2014 жылдан бері ең жоғарғы көрсеткішке жеткен.
3. Дегенмен, "сезімтал" секторлар да бар.
Мысалы, әскери технология жағынан шектеулер қойылуда (ядролық қару және зымыран тех - ы). Кейбір технология "азаматтарды бақылау -аңду" мақсатында қолданылуы мүмкін, яғни сезімтал..
4. Мем.департамент пен сыртқы саясатта дәстүрлі бағыт/аспаптар қолданылады. Бірақ, жаңа мақсаттар үшін жаңа амалдар ойластырылуда.
Атап айтқанда: AI (жасанды интеллект), "азық - түлік қауіпсіздігі", тағысын тағы. Бұл бағыттарда, пандемия мәселесі де бар, жаңа коалициялар құрылуда. Батыс елдері, Африка, тағы басқалар..
Мәселе: БІЗДІҢ ЕЛ ғой...
Бұл кездесуде аты аталмады.
Дегенмен, өз ойымды осыған байланыстырып айтып өтсем:
А. "Қазақ дипломатиясы" ішкі саясатқа байланысты. АҚШ - та: демократия + білім - ғылым - технологияға негізделген экономика елге ӘЛЕМ көшбасы рөлін атқаруға мүмкіндік беруде.
Біздің негіз не/нелер?
Қандай құндылықтар?
Біз қайда, қандай мақсаттарға ұмтыламыз?
Осы жағы түсініксіздеу.
Ешкім осылай шығып, ашық айтып - түсіндірмейді.
Бітпейтін, жатқан бір ҚҰПИЯ..
Алаңдататын сұрақ: осы құпияның арғы жағында дені дұрыс дүние бар ма, әлде жоқ па?
Ә. Солтүстік көршіге біраз шектеулер қойылды. Санкция дейміз. Батыстың Қытаймен бәсекесі арта түсуде. Украинадағы соғыс осыны біраз қоздырды.
Енді біз не істеуіміз керек?
Не, саясат қандай мақсатта іске асып жатыр?
Осы мәселелердің басын ашып, ХАЛЫҚҚА түсіндіріп жатырған адамдар көрінбейді.
Б. Біздің бара жатырған бағыт, мекен - жайымыз қандай?
Әлде жеңіл, қауқарсыз "Қаңбақ шалмыз" ба?
"Нақты да дәл" етіп кім түсіндіре алады?
Қазақ баласына, Қазақ тілінде.
Осы жағы бізде өте нашар.
Ел Қазақстан деп аталғанымен)), сөзі/тілі құрғырың Қазақша емес...
Өз басым осыған алаңдаймын.
Кремль барлығын құпия ұстағанымен "Вагнер" Ростов пен басқа да қалаларды алып, Мәскеуге шапқанда мықтылардың "арты бос", қуыс болды емес пе?
Биліктері тұтығып, мемлекеттері құлап қала жаздады емес пе?
Осындайды болдырмау үшін ХАЛЫҚпен сұхбаттасып, өзекті дүниені түсіндірсе екен..
Сонда ғана біз ДАМИ бастаймыз.
Құпия/жасырудың арғы жағында түк те жоқ, о жақ бос, қуыс болатынын Пригожин көрсетіп берді.
Сондайдан Құдай сақтасын.

 

Пікірлер