Астананың 25 жылдығы. Бауырлас қалалар форумында Назарбаевтың есімі аталды

1873
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 5 шілде күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Елордасы Астананың 25 жылдық 5 жылдық мерейтойына арналған бауырлас қалалар форумындағы сөзі басталды, деп жазады "Адырна". Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі бөлісті. 

Шараға бауырлас қалалардың басшылар және әлемнің әр түрлі елдерінен келген меймандар, сондай-ақ елорданың бұрынғы әкімдері, қаламыздың құрметті тұрғындары, еңбек ардагерлері, мәдениет, ғылым, спорт қайраткерлері, ғалымдар, ұстаздар, мемлекеттік қызметшілер қатысуда.

Тоқаев арнайылап келген қонатарға ризашылығын білдіріп, "Астана қаласының салынуы – Тәуелсіз Қазақстанның тарихында айрықша мәні бар оқиға болғанын" атап өтті.

"Бұл – халқымыздың болашақ тағдырын айқындаған аса маңызды және дер кезінде қабылданған тарихи шешім. Тұңғыш Президенттің осы бастамасы жаңа ұлттық идеяға айналды. Бұл шешім еліміздің, халқымыздың ұлттық мүддесіне сай келгеніне ешқандай күмән жоқ. Сондықтан бәріміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл саладағы еңбегіне лайықты, әділетті баға беруіміз керек" деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сонымен қатар, ол Әділетті Қазақстанда ақты ақ, қараны қара деу қажет, басқа сөзбен айтқанда, ненің шындық, ненің өтірік екенін ажырата білу керектігін айтты. Елорданың заманауи келбетін қалыптастыруға ат салысқан: Кисё Курокава, Норман Фостер, Ренато Аркетти, Манфреди Николетти сияқты әлемге әйгілі сәулетшілерді атай кетті.

 

Пікірлер