Керекудегі нөсерден соң 5 мың тұрғын жарықсыз қалды. Бағдаршамдар істен шықты

1388
Adyrna.kz Telegram

Толассыз жауған жаңбыр мен қатты желдің салдарынан Павлодар қаласындағы 5 бағдаршам жұмыс істемей тұр Оның үстіне, шатыр опырылып, екі адамның жарақат алғаны хабарланды. Қазір коммуналдық қызмет көрсеушілер құлаған ағаштардан көшелерді тазартып, қала сиқын қалпына келтіріп жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мәліметінше, ауа райының қолайсыздығына байланысты қазіргі таңда Павлодар қаласында 5 бағдаршам жұмыс істемейді. Апатты жоюмен 2 бригада айналысып жатыр», - деп хабарлады журналистерге Павлодар қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

Құлаған ағаштарды жинау жұмысын 3 бригада мен 3 мамандандырылған техника жүргізіп жатыр.

Қалада жаңбыр суын соруға 10-нан астам арнайы техника жұмылдырылған.

«Сонымен қатар, қазіргі уақытта 5 237 тұтынушы электр қуатынсыз қалды: жеке тұлғалар - 4 986, заңды тұлғалар - 251», - деп хабарлады Павлодар әкімдігі.

ҚазАқпараттың жазуынша, Солтүстік (Назарбаев ауданы – Лермонтов – Бұқар жырау – Торайғыров көшелері), Оңтүстік (Ворушин – Циолковский көшелері ауданы), Орталық (Катаев ауданы – Шөкин – Назарбаев – Толстой көшелері, Толстой көшесі бойы – Кіші айналма жолы), Батыс (Радиозауыт ауылының ауданы) стансаларда жарық өшірілген.

Қала мен қала маңындағы залалды жоюға 19 адам мен 5 техника жұмылдырылды.

Жылу және су желілерінде ақау болған жоқ.

«Павлодар жылу желілері» ЖШС, «Павлодар-Водоканал» ЖШС қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер