Ресей Финляндияның Санкт-Петербургтегі Бас консулдығын жаппақшы

1739
Adyrna.kz Telegram

Финляндияның Санкт-Петербургтегі Бас консулдығы өз жұмысын тоқтататыны белгілі болды. Ресей билігі елшілік қызметінің 1 қазаннан бастап тоқтайтынын айтты, деп хабарлады  "Адырна" ұлттық порталы Ресей СІМ-іне сілтеме көрсетіп.

Бейсенбі күні Финляндия елшісінің Ресей СІМ-ге шақырылғаны белгілі болды. Елшіге "Хельсинкидің Ресейге қарсы ұстанған саясатына байланынысты айып тағылды".

Сонымен қатар Ресей тарапы "Финляндияның НАТО-ға кіруі" елге қауіп төндіретінін айтады.

Ресейдің сыртқы саясатпен айналысатын мекемесі тоғыз финдік дипломатия өкіліне, елшілік пен Бас консулдықтың қызметкерлеріне persona non grata жарияланды. Мұны Ресей азаматтарының Финляндиядан шығарылуына жауап ретінде сипаттады.

Еске сала кетейік, мамыр айының соңында Ресей билігі Санкт-Петербургтегі Финляндия Бас консулдығының Петрозаводск және Мурманск филиалдарының қызметін тоқтатты, сонымен қатар Финляндияның Лаппенранта қаласындағы өз кеңсесінің жабылатынын жариялады.

Мәскеу бұл шешімді Хельсинкиге берген жауап ретінде сипаттайды.  Олар Ресейге "қарама-қайшы бағыт" ұстанды, авиация қызметін тоқтатты және туристердің кіруге тыйым салды деген себептерді атады.

Финляндия тарапы бұған жауап қатты.

- Ресейдің Турку консулдығын жабуы мүмкін, деді Финляндия Президенті.

Ол мұны Санкт-Петербургтегі консулдықтың жабылуына байланысты туған шешім деп айтты.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер