Құстарды атпақ болған. Түркістан облысында ер адам жасөспірімді атып алды

2153
Adyrna.kz Telegram
фото: ашық дереккөз
фото: ашық дереккөз

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында ер адамның құстарға атқан оғы жасөспірімге тиді. Бұл туралы Polisia.kz мәлімдеді, деп хабарлайды. 

Қайғылы оқиға 8 шілдеде күні кешке Қазығұрт ауданындағы ЖШС-нің бірінің егіс алқабында болған.

Серіктестіктің жүзім бағында құстарды ату үшін жалданған ер адамның атқан оғы байқаусызда жасөспірімнің басына тиген. Бұл факті бойынша ҚР ҚК-нің 104-бабы 1-бөлігі "Абайсызда қазаға ұшырату" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - дейді ведомство.

Оқиға орнына Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің басшылығы, аудан прокуроры мен жедел-тергеу тобы бірден келген.

Күдіктіден 12 калибрлі аңшы мылтығы алынды. Сараптама жасалып жатыр. Ол Сарыағаш ауданының тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді. Барлық мән-жайлар анықталып жатыр, - дейді полиция.

Пікірлер