Өзбекстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті

1543
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстанда мерзімнен бұрын президент сайлауы өтті, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Шілденің 9-ы күні көршілес Өзбекстанда президент сайлауы өтті. Бұл сайлау тұңғыш рет мерзімнен бұрын өтуімен ел тарихында қалды.

9 шілде күнгі кешкі 17:00-дегі мәлімет бойынша сайлаушылардың қатысу көрсеткіші - 69,85 пайызды құраған. Яғни тіркелген 19,2 миллион сайлаушының 13,4 миллионы дауыс берген.
Мемлекет үшін маңызы зор саяси оқиғада белсенділік танытқан - Джизах облысының халқы. Ол жақтан 75,68% сайлаушы дауыс берсе, ең аз көрсеткіш Ташкентте тіркелген.

Дауыс беруге елдің қазіргі басшысы Шавкат Мирзиеев пен ресми оппозициялық партиялардың үш кандидаты қатысты.
Сонымен қатар сайлау барысында Өзбекстанның бұрынғы білім министрі Ұлықбек Иноятов Халықтық демократиялық партиядан, Абдушүкүр Хамзаев Экологиялық партиядан, Жоғарғы сот төрағасының орынбасары Робахон Махмудова «Адолат» социал-демократиялық партиясынан қатысты.
Алайда Әділет министрлігі оппозиционер Хыдырназар Аллақұловтың «Хакикат және Тарақкиет» социал-демократиялық партиясын тіркемей, сайлауға қатысуына рұқсат бермеді. 30 сәуірде өткен референдумда Өзбекстан Конституциясына түзетулер бекітілгеннен кейін мерзімінен бұрын сайлау тағайындалғанын атап өтейік. Олардың айтуынша, енді президенттік мерзім бес емес, жеті жыл болып бекітілген. Осыған байланысты 2016 жылдан бері билікте болған қазіргі президент Мирзиеевтің президенттік мерзімі «қайта қалыпқа келтірілді», бұл оған 2037 жылға дейін екі рет мемлекет басшысы болып сайлану мүмкіндігін берді. Оның ендігі Президенттің өкілеттігі де кеңейеді.

Пікірлер