Түлектер үшін маңызды тесттің қорытындысы жарияланды

1275
Adyrna.kz Telegram

Биыл елімізде 162 000 талапкердің Ұлттық Бірыңғай тестке қатысты. Оның 135 000-ы ҰБТ-ның шекті балын жинады, бұл жалпы санның 83%-ға жуығын құрап отыр, деп хабарлайды “Адырна”. 

Алайда елімізде былтырғыдай 140 ұпайды жинаған талапкер жоқ. Бес адам 137 ұпай жинап, ең жоғары нәтиже көрсеткен. 120-дан жоғары балл жинаған талапкерлер саны - 2868.

Тестілеу ережесіне сәйкес смартфон, электронды құралдар мен тыйым салынған заттарды қолдануға болмайды. Алайда 402 адам тыйым салынған заттарды алып жүру әрекеті салдарынан сынақтан өту мүмкіндігінен айырылды. Ал белгіленген ережені бұзғаны үшін тест нәтижелері жойылып, тағы 312 адам аудиториядан шығарылған.

Тексерушіден айласын асырамын дегендер өзімен бірге смартфон әкеліп, пиджактың ішіне тілік жасап, сол арқылы құралды тестке алып кірмек болған. Алайда қатаң бақылаудың нәтижесінде заңға қайшы әрекет орын алмады.

Пікірлер