Құрамында Қазақстан да бар. Қырғызстандық меценат "Қырғыз қағанатын" құруды ұсынды

5910
Adyrna.kz Telegram

Қызғызстанның тумасы,  белгілі кәсіпкер, меценат, "Қағанат" қорының негізін қалаушы Нұрғалы Асаналиев Қырғыз қағанатын бірлестік негізінде қайта құруды ұсынды. Оның пайымдауынша, Қырғыз қағанатының құрамына автономия ретінде Қазақстан да кіре алады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 24.kg-ға сілтеме көрсете отырып. 

Меценат қағанаттың құрамына Қырғызстан, Қазақстан, Түркіменстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Моңғолия мемлекеттері кіргізуге болатынын мәлімдеді.

Асаналиевтің пікірінше, Қырғыз қағанаты бір кездері ұлы және қуатты империя болған және оны қалпына келтіру елдердің экономикалық және саяси тұрақтылығын, сондай-ақ басқа халықтармен мәдени байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

“Конфедерация - бұл мемлекеттер немесе аймақтар айтарлықтай автономия мен тәуелсіздікті сақтай отырып, біртұтас саяси құрылымға бірігетін басқару нысаны екені бәрімізге белгілі”, – дейді кәсіпкер.

Сондай-ақ Нұрғалы Асаналиев тарихтың ұлттық бірегейлікті сақтауда және болашақты құруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Оның ойынша, тарихи мұраларды сақтап қана қоймай, олардан сабақ алу үшін бұрын жасырылған тарихи фактілерді атап өту маңызды.

Сонымен қатар, автор сұхбат барысында Ресей секілді елдермен ынтымақтастық пен ұжымдық қауіпсіздікті мықтап орнату қажет екендігін сөз етеді, сондай-ақ Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек көрсету, құтқарушыларды дайындау мәселелеріне де тоқталады. Көне Енисей қағанатын еске алып, ТМД мемлекеттерінің негізінде қағанатты қайта жаңғыртуы қалайтынын жасырмайды.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер