Тоқаев Астананы дамытуға көңіл бөлу керек екенін айтты

1529
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Астана қаласын дамытуға шындап ден қою қажет екенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Ең алдымен, бүгін айтылған міндеттерді дер кезінде әрі сапалы орындау керек. Астана бас қала деген атауға лайық болуға тиіс. Астана көркейсе, бүкіл еліміздің еңсесі биік болады.

Астана Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі өзгерістерге ұйытқы болуы керек. Жалпы, қаланың күнделікті тыныс-тіршілігі ұдайы назарда болуға тиіс, - деді Президент.

Сонымен қатар, Тоқаев Астана әкіміне арнайы мерзімде қаланың ахуалын жақсартуды тапсырды. Бір жыл ішінде Астананы жақсы жағына өзгертуге күш салуы қажет екенін айтты:

- Әкімге қаланың ахуалын жақсы жағына қарай өзгерту үшін бір жыл уақыт беремін. Сіздің жұмысыңыз менің бақылауымда болады. Барлық қажетті көмекті көрсетеміз. Бірақ жұмыстың негізгі өзегі – сіздің қолыңызда. Табыс тілеймін», - деді мемлекет басшысы.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер