Төтенше жағдайдың салдарын жоюдан бұрын алдын алу. Президент министрге не тапсырды?

1646
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановты қабылдады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Сырым Шәріпханов министрліктің атқарып жатқан жұмыстары мен жоспары жөнінде баяндады. Сондай-ақ министрлікте алдағы уақытта жүзеге асырылатын трансформация және қоғамда қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру жұмыстары туралы мәлімдеді. Айтуынша, төтенше жағдайлардың саны мен ауқымы ұлғайған жағдайда азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін төтенше жағдайдың салдарын жоюдан бұрын оның алдын алуға бағдарлау көзделіп отыр.

Бұдан бөлек басқарма басшысы құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын жарақтандыру және цифрландыру ісін нығайту, сондай-ақ құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің кадрлық әлеуетін арттыру, оларды әлеуметтік қорғау шараларын күшейту жөнінде ақпарат берді. Сонымен қатар халықты алдын ала қорғауға қажетті жағдай жасау мақсатында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге айрықша мән беріліп отырғанын айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев министрлікке төтенше жағдайлардың санын азайту, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыру жөнінде тапсырма берді.

Пікірлер