Саяси белсенді Ермек Нарымбайдың бостандыққа шығатыны айтылды

1471
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның саяси белсендісі Ермек Нарымбайдың 13 шілдеде бостандыққа шығатыны айтылды, деп жазады "Адырна" порталы. Бұл туралы "Чемодан гос-секретаров" телеграм арнасы мәлімдеді. 

Ермек Нарымбай 2022 жылдың ақпанында Киевтен оралған бойда әуежайда ұсталды.  2015 жылы Ермек Нарымбай Серікжан Мәмбетәлинмен бірге «ұлттық алауыздықты қоздырды» деген айыппен үш және екі жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Мәмбетәлин артынша көп өтпей босап шықты. Ал Нарымбайдың жазасын аппеляция соты бас бостандығын шектеу жазасына ауыстырған.

Кейіннен Ермек Нарымбай Украинаға кетіп қалды. Қаңтар оқиғаларынан кейін Ермек «билікпен диалог орнататын парламентарий» ретінде қайтатынын мәлімдеген. Құқық қорғаушы заңгерлер оны саяси тұтқын деп мойындады.

Пікірлер