Бауыржан Байбектің әкесі сотта кінәсін мойындады

1426
Adyrna.kz Telegram

Астананың Әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеше Алматы қаласының әкімі, «Нұр Отан» (қазіргі «Аманат») партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған Бауыржан Байбектің әкесі Қыдырғали Байбекке қатысты істі қарады, - деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

Сот ӘҚБтК-нің 319-бабы бойынша – жер учаскесіне тиісті құқығынсыз өндірістік, тұрғын үй, шаруашылық, гидротехникалық (су) немесе шаруашылық-тұрмыстық объектілерді заңсыз салу фактісі бойынша іс қозғады.

«Сот кабинетінде» жарияланған сот шешіміне сәйкес, Қыдырғали Байбек астаналық СКД бірінде тұрғын емес үй-жайға кіру үшін есік орнатқан. Бұл ретте ол құрылысты бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органға хабарламай, әкімшілік кодексті бұзған.

«Сот отырысында Қ.М.Байбек өз кінәсін толық мойындады», - делінген сот қаулысында.

Айта кетейік, бұған дейін Қыдырғали Байбектің 51 750 теңге айыппұл арқалағанын мәлімдеген болатынбыз.

Пікірлер