Қымыз ішіп көлік жүргізсе бола ма? Заңгер жауабы

1945
Adyrna.kz Telegram

Қымыз ішіп көлік тізгіндеген адамның заң бойынша жазалануына қатысты заңгер маман жауап берді, деп жазады "Адырна" тілшісі. 

Заңгер Эльнура Кішкенебаева әлеуметтік желіде жиі қойылатын сауалға жауап берді. Ол қазіргі таңда көптеген отырыстарда алкогольді сусындардың орнына қымыз қолдану жиілеп кеткенін айтып, оқырмандардан жиі келетін сұраққа:

"Қымыздың құрамында 0,5%- 4,5%-ға дейін этил спирті бар. Негізі масаюдың үш тұрі бар. 0,5% - 1,5%-ға дейін жеңіл, 1,5% - 2,5%-ға дейін орта, 2,5% -дан жоғарылаған сайын ол қатты масаю болып саналады. Жалпы сізді көлік жүргізу барысында жол полиция қызметкерлері ұстаған жағдайда арнайы алкотест арқылы осы көрсеткішті көрсететін болса, яғни сізде масаюдың жеңіл түрі болатын болса, айыппұл негізінде төлем жасайсыз. Ал егер де орта және жоғары масаю деңгейі көрсететін болса, көлік жүргізу куәлігінен айырыласыз. Сондықтан көлік тізгіндеген кезде қымыз ішпеген дұрыс" деп жауап берді.

Пікірлер