Сарыағашта не болып жатыр? Бес жасар бүлдіршіннің өлімі ел наразылығын тудырды

5666
Adyrna.kz Telegram

2023 жылдың 13 шілдесінде Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Жібек жолы (Черняевка) ауылында 2018 жылы туған, бес жасар бүлдіршін қызды айуандықпен зорлап, өлтірген оқиға тіркелді, деп хабарлайды Adyrna ақпараттық порталы полиция департаментіне сілтеп.

Бұрын адам өлтіргені үшін ҚР ҚК-нің 106-бабы бойынша сотталған, сонымен қатар нашақорларға қатысты пробациялық бақылауда тұрған 1975 ж.т. азамат күдікті ретінде қамауға алынды.

Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі 13 шілдеде Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын кәмелетке толмаған қызының жоғалып кеткені туралы арыз жазғаны, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарының бірінің үйінен дене жарақаты бар қыздың денесін тапқаны, бұл факт ҚР ҚК-нің 99-бабы “Адам өлтіру” бойынша тіркелгені туралы ресми ақпарат таратты.

Қазір күдікті Сарыағаш АПБ-ға жеткізіліп, қамауға алынған. Барлық жағдайлар анықталуда.

Оқиға ауыл тұрғындарының наразылығын тудырған. Олар күдіктіні халықтың қолына беруді сұраған. Олар 13 шілде күні кешке жиналған.

Ауыл адамдарының наразылығын полиция департаментінің баспасөз қызметі де жоққа шығармады. Полиция қазіргі жағдайда елдің тарқап, ауылдың бақыланғанын хабарлады.

 

Пікірлер