Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі "Нойстың" қарамағындағылар қамауға алынды

7494
Adyrna.kz Telegram

"Қаңтар оқиғасына" қатысты қылмыстық жауапкершілікке тартылған "Дикий Арманның" сыбайластары қамауға алынып жатыр. Олардың арасында белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі құрған қылмыстық топтың өкілдері де бар, деп хабарлайды Адырна ақпараттық порталы.

ІІМ мәліметінше,
полиция қылмыстық топты құрықтау операциясын үш кезеңге бөліп жүргізген. Операция барысында құрықталғандардың арасында қылмыс әлемінде "Нойс" атты лақап атпен белгілі Нұржан Иманалиевтің сыбайластары да бар. Нұржан Иманалиев қазақ қоғамына айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның күйеуі ретінде де танымал.

Қылмыстық ортада “Нойс” деген лақап атымен белгілі Нұржан Иманалиевке бұған дейін халықаралық іздеу жарияланған. Ол "Дикий Арманның", яғни Арман Жұмагелдиевтің “оң қолы” саналған.

ІІМ министрлігінің баспасөз қызметі "Нойстың" қайда жүргенін іздестіруде.

 

Пікірлер