Қазақстандық жас әнші «Славян базары» байқауында Гран-при иеленді

2620
Adyrna.kz Telegram

12 жастағы жас әнші Шерхан Арыстан Беларусьте өткен «Витебсктегі Славян базары» халықаралық балалар музыкалық байқауының Гран-приін жеңіп алды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Екі күнге жалғасқан сайыста отандасымыз әділқазылардың жоғары бағасына ие болып, 140 ұпай жинады.

Жас орындаушыға марапатты Беларусь Президенті Александр Лукашенко тапсырды.

Айта кетейік, бұған дейін Шерхан Арыстан «Qazaqstan дауысы. Балалар» жобасында бақ сынап, финалға дейін жеткен еді.

Пікірлер