«Жүрегі кез келген сәтте тоқтап қалуы мүмкін». Думан Мұхаметкәрімнің жағдайы күрт нашарлады

6141
Adyrna.kz Telegram

Журналист Думан Мұхаметкәрімнің денсаулық жағдайы күрт нашарлады. Бұл туралы қоғам белсендісі Дана Сәрсенбаева мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Белсендінің айтуынша, журналистің өміріне қауіп төніп тұр.

Оның жүрегі кез келген сәтте тоқтап қалуы мүмкін, бүйрегі ісіп кеткен, — деп жазды ол.

Айта кетейік, Думан Мұхаметкәрім кеше 25 күндік қамаудан шығуы керек болған. Алайда оны кейін қылмыстық іс бойынша жауапқа тартып жатқаны белгілі болды.

Пікірлер