Астанадағы веложарыс кезінде ер адам көз жұмды

1714
Adyrna.kz Telegram

Астанадағы Tour of Uly Dala веложарысы кезінде ер адам қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстанның велоспорт федерациясы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәліметке сәйкес, жарыс кезінде бір велошабандоз жолдың жиегіне тоқтап, кенеттен қайтыс болған.

Алдын ала мәліметке сәйкес, 1983 жылы туған ер адамның жүрегі шыдай алмады. Жарыста кезекшілік атқарған жедел жәрдем бригадасы шұғыл көмек көрсетті. Өкінішке қарай, ер адам қайтыс болды, - делінген ресми хабарламада.

Веложарыс ұйымдастырушылары марқұманың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтты. Веложарысты тоқтатуға шешім қабылданды. Спорт додасы екі күнге – 15-16 шілдеге жоспарланған болатын.

Еске салайық, биыл 9 мамыр күні Алматы маңындағы Іле өзенінің аңғарында өткен Tengri Ultra 2023 ультрамарафоны кезінде жарысқа қатысушы 41 жастағы ер адам қайтыс болған еді.

Ақпаратқа сәйкес, марафоншы күтпеген жерден өзін нашар сезініп, есінен танып құлаған.

Пікірлер