Семей орманы өрті. Туристерге демалыс аймағынан кетуге кеңес берілді

1548
Adyrna.kz Telegram

Абай облысындағы Беген орман шаруашылығында болған өртке байланысты туристерге демалыс аймағынан кетуге кеңес берілді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар департаменті мен ТЖД қызметкерлері түсіндіру жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Өрттің жанында қазір демалушылар тұрып жатқан «Шошқала» демалыс аймағы бар.

Облыста ауа температурасы 28°С, солтүстік-батыстан 16 м/с жел соғады.

Еске салайық, Абай облысындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты қызметкерлерінен сағат 11:40-та Беген орманшылығы аумағында құрғақ шөп пен ағаштардың жануы туралы ақпарат келіп түскен болатын.

Өрт орнына Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелерінің күштері мен құралдары жіберілді: жеке құрамның 100 адамы мен облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің 20-дан астам техникасы, ТЖМ 68303 әскери бөлімі бар

Пікірлер