Екі адам көз жұмды. Атырауда 4 көлік соқтығысқан

1422
Adyrna.kz Telegram

Атырауда 4 көлік соқтығысып, 2 адам көз жұмды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оқиға 15 шілде күні сағат 15:25 шамасында болған.

Атырау қаласындағы М.Баймұханов көшесінде 4 автокөлік соқтығысты. Төрт автокөліктің екеуі – жолаушылар тасымалдайтын «Daewoo» және «Youtong» маркалы автобус. Екеуі – Toyota Camry және Hyundai Elantra маркалы көліктер. Жол апатының салдарынан Hyundai Elantra автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды. Кәмелетке толмаған жасөспірім жолаушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Өзге көлік құралдарының жолаушыларына жедел-жәрдем қызметкерлері медициналық көмек көрсетті, -делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тиісті тергеу амалдары жүргізіліп,іс құжаттары жинақталып жатыр.

Пікірлер