Министр барғаннан кейін Павлодар облысындағы орман өртінің оқшауланғаны хабарланды

1358
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» резерватында шыққан өрттің оқшауланғаны хабарланды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шарбақты ауданындағы орман шаруашылығының ақпараты бойынша «Ертіс орманы» резерваты аумағындағы өрт бүгін сағат 14.14-те оқшауланды. Алдын ала мәлімет бойынша өрттің аумағы 850 гектарды құрайды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, ұлттық ақпарат кеңістігінде «Ертіс орманы» резерватында 850 га жердің өртке оранып жатқаны жайлы хабарлама тарады. Кейіннен оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың барғаны айтылды.

Сонымен қатар, 14 шілдеде Баянауыл ұлттық паркінде өрт шықты. ртті сөндіруге 130 өрт сөндіруші жұмылдырылды.

 15 шілде күні Шарбақты ауданының Степное және Бауыртал орманшылықтарында орманнан өрт шықты.

Абай облысындағы Беген орман шаруашылығында болған өртке байланысты туристерге демалыс аймағынан кетуге кеңес берілді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер