АЯКӨЗ ХАНЕТОВА: БРИКС үшін ортақ резервтік валюта шығару идеясы айтылды. Ресей санкцияда қалмағанда, қағаз бетіндегі идея болып қалар ма еді...

1281
Adyrna.kz Telegram
БРИКС одағының «R5 валютасы» ЕУРО сияқты валютаға айнала ала ма?
Бразилия, Ресей, Үндістан, Қытай және Оңтүстік Африка Республикасының БРИКС атты одағы әлемдік экономикада өз орнын ойып тұрып алып жатыр. Қазіргі таңда ол перспективасы мықты нарықтың бірі, әлемдік Жалпы ішкі өнімнің 26%-ға жуығын өндіріп отыр. Әсіресе Қытайдың және Ресейдің АҚШ-пен қарым-қатынасы суыған сайын, БРИКС-тің де өз күшін көрсетіп қалуға мүмкіндігі артып жатыр.
Ресейдің жалғыз өзінің әлемдік ЖІӨ-де үлесі аз (1,5% шамасында), бірақ осы одақпен бірге мүмкіндігі де, күші де артып жатыр. 2018 жылы Ресей бастамасымен БРИКС үшін ортақ резервтік валюта шығару идеясы айтылды. Егер Ресей санкциялардың астында қалмағанда, ол тақырып тек қағаз бетіндегі идея болып қалар ма еді... Сонымен, долларға деген тәуелсіздіктен арылу үшін, бұл Одақ қайтадан баяғы әуеніне оралды.
Алысқа бармай-ақ ортақ валютаның атын R5 деп қойсақ деп отыр. Бұл атау 5 елдің ұлттық валюталарының атауларының құрметіне: реал, рубль, рупий, ренминби (қытай тілінде юаннің «халық ақшасы» деген нұсқасы) және ранд.
Ортақ валютаға көшудегі мақсат: ұзақ мерзімді перспективада осы елдер арасындағы сауданы ортақ валюта арқылы жасай отырып долларға деген тәуелділіктен арылу, санкциялардың күшін мейлінше бәсеңдету.
R5 – 5 елдің валютасының үлестірілген себеттен тұрады, бастапқы уақытта юаннің үлесі көбірек болады деп отыр. Ортақ валюта құрса да, әр ел өзінің ұлттық валютасынан бас тартпайды.
Ортақ валюта шынымен құра ала ма?
Бұған бірнеше кедергі бар.
1. Одаққа кіретін 5 ел де дамушы мемлекеттерге жатады, кем дегенде 4 елдің валютасы өте құбылмалы, яғни тұрақтылық жоқ.
2. Кез келген ақшаның артында оның құнын өлшейтін және белгілейтін нәрсе болуы керек (тауар, зат, алтын тб). Бұл валютаны мұнай, алтын және басқа да шикізат өнімдерінің бағасынан құралған себетке байлаймыз деп отыр. Іс-жүзінде қиын процесс.
3. Елдердің арасындағы экономикалық қарым-қатынас әлсіз, кейбірі территориялық тұрғыдан бір-бірінен өте ұзақта орналасқан, бұл да белгілі қиындық туғызады. Мысалы ортақ кеден одағын құра алмайды.
4. БРИКС елдері долларды қолданбаса да олардың негізгі сауда серіктері бәрібір долларды қолданады.
5. Осындай ортақ резервтік валюта құра алатынына көптеген сарапшылар сенбейді және оның ЕУРО сияқты ортақ валютаға айнала алатынына үлкен күмән бар.

 

Пікірлер