9 адам қаза тапты. Созақ ауданында жан түршігерлік жол апаты болды

4602
Adyrna.kz Telegram

Түркістан облысында жан түршігерлік жол апатынан 9 адам көз жұмды, деп хабарлайды “Адырна”. 

Түркістан облысында 3 көлік соғысып, ірі жол апаты орын алды. Облыстық маңызы бар Екпінді-Созақ тас жолы бойында Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Grafter автокөліктерінің соқтығысқан. Апат салдарынан көліктер мен жолаушылар өртенген. 

Мәліметтер бойынша Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен. Салдарынан 9 адам қаза тауып, 13 адам ауруханаға жеткізілді. Екі адам медициналық көмектен бас тартқаны белгілі болды.

Пікірлер