Сауна ғимаратында орналасқан лагерь

1669
Adyrna.kz Telegram

Алматылық оқушылар сауна ғимаратында орналасқан лагерьде демалуға мәжбүр болған, деп хабарлайды “Адырна”.

Осал және аз қамтылған отбасыдан шыққан алматылық балалар лагерьде демалуға жіберілген. Сауна ғимаратында орналасқан лагерь “Арман дала” деп аталады.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода балалардың бәрі бірге желдетілмейтін бөлмеде әрі еденде ұйықтап жатқандығы таралған. Желдей ескен ақпаратқа назар салсақ барлық ұялы телефондар алынған, ешқандай бала ата-анасымен байланыса алмайды екен.

Ата-аналардан шағым түскеннен соң Алматы қалалық білім басқармасының қызметкерлері шұғыл түрде «Арман далаға» аттанды. Жауапты «БелРичи» ЖШС-ны жосықсыз жеткізуші деп тану және одан әрі мемлекеттік сатып алуға қатысуға тыйым салу туралы сотқа талап арыз дайындалып жатқаны хабарланды.


Қазіргі таңда білім басқармасы қоғамдық кеңеспен бірлесіп, жұмыс тобын құрды. Құрамында ата-аналар қоғамдастығы, қалалық прокуратура және барлық мүдделі органдардың өкілдері бар. Жұмыс тобы елдегі лагерьлер мониторингінің нәтижелері туралы үнемі есеп беріп отыруы міндеттелген.

Пікірлер